Медицина қызметкері пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапалығына жауап береді. Өз қызметінде ол Қазақстан Республикасының заңдарын, қолданыстағы нормативтік құжаттарды (медициналық стандарттарды) басшылыққа алуға міндетті, бірақ, осы нұсқаманың тараптарында, аурушаңдықтардың ерекшелігін ескере отырып, науқастың мүддесін басшылыққа алу арқылы әр нақты жағдайда аса тиімді болып табылатын профилактикалау, диагностикалау және емдеу әдістері таңдалуы қажет.
Қажет болған жағдайда медицина қызметкері өздерінің әріптестерінен көмек алуға тиіс.
Медицина қызметкері пациентті қисынсыз қауіпке ұшыратпауы тиіс, және де өз білімдерін ізгілікті мақсатта қолдануға болмайды. Емдеудің әр әдісін таңдаған кезде медицина қызметкері ең алдымен «Зиян тигізіп қойма» талабына сүйенуі тиіс.
Науқастың жай-күйін нашарлатпайтындай шара қолдануға міндетті қылатын шұғыл көмектен басқа жағдайда, медицина қызметкері пациент екеуінің арасында өзара сенімділік болмаған жағдайда, егер де өзін жеткілікті түрде білікті деп санамаса немесе емдеуді жүргізу үшін қажетті мүмкіндіктері болмаған жағдайда науқасты емдеуден бас тартуға құқығы бар. Мұндай және осыған ұқсас жағдайларда медицина қызметкері ол туралы тікелей басшысына хабарлау үшін барлық шараны қарастыра отырып, науқасқа білікті маманды ұсынуға міндетті.
Медицина қызметкері пациенттің емдеуші дәрігерді, мекемені таңдау құқығын сыйлауы және емдеу- профилактикалық шараларды жүргізу туралы шешімді қабылдауға қатысуын құптауы тиіс.
Пациенттің емделуге өз еркімен келісімін медицина қызметкері әдетте науқаспен жеке әңгімелескен кезде алады. Бұл келісім саналы түрде қабылданып, науқас міндетті түрде емдеу әдістері, оларды қолданудан кейін болатын салдар, әсіресе, мүмкін болатын асқынулар, емдеудің өзге де баламалы әдістері туралы хабардар болуы қажет.
Пациенттің келісімісіз емдеу- профилактикалық шараларды жүргізуге, пациентітң денсаулығы мен өміріне қауіп төнген жағдайда және оның жағдайды адекватты түрде бағалау мүмкіндігі болмаған кезде ғана рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда алқалық шешіммен қабылдаған дұрыс.
Психикалық аурушаңдықпен ауратын адамдарды емдеген кезде, медицина қызметкері Қазақстан Республикасының психиатрлық көмек көрсету және оны көрсету кезіндегі азаматтардың құқықтық кепілдемесі туралы заңнаманы басшылыққа алуы тиіс.
Баланы емдеген кезде медицина қызметкері оның ата-аналары немесе қамқоршыларына толыққанды ақпарат ұсынып, олардан сол немесе басқа емдеу әдісін жүргізуге немесе дәрімен емделуіне келісімін алуы қажет.