Дербес медициналық деректер, медициналық көмекке жүгіну факті, адамның денсаулығының жай-күйі, оның аурушаңдығы диагнозы және емдеу және (немесе) тексеру кезінде алынған өзге деректер туралы ақпарат медицина қызметкерінің құпиясы болып табылады.
Оқу кезінде кәсіби, қызметтік міндеттерін және осы баптың 3 және 4-тармақтарымен белгіленген жағдайлардан басқа міндеттерді орындау барысында белгілі болған тұлғалармен медицина қызметкерлерінің құпиясынан тұратын деректерді жариялауға тыйым салынады.
Пациенттің немесе оның заңды өкілінің ақпараттандырылған келісімімен ғылыми зертеулерді, осы деректерді оқу үдерісінде қолдану үшін медицина қызметкерінің құпиясынан тұратын деректерді беруге рұқсат етіледі.
Медицина қызметкерінің құпиясынан тұратын деректерді тұлғаның келісімісіз ұсынуға келесі жағдайларда рұқсат етіледі:
1) заңды өкіл болмаған жағдайда, өзінің еркін көрсете алмайтын жай-күйдегі адамды емдеу және тексеру мақсатында,
2) қоршаған ортаға қауіп тудыратын аурушаңдықтың таралуы, сонымен қатар, қан, оның компонеттеріне донорлық кезде, органдарды (органның бөлшектерін) және тіндерін (тіндердің бөлшегін) ауыстырып қондыру кезінде;
3) тергеу органдарының сұрауы және тергеу, прокурор, адвокаттың және (немесе) соттың тергеу жүргізу кезінде немесе соттық істі қарау кезінде;
4) кәмелетке толмағанға немесе әрекет етуге қабілетсіз адамға медициналық көмек көрсету кезінде оның заңды өкілін ақпараттандыру үшін;
5) Қазақстан Республикасы азаматының денсаулығына құқыққа қарсы әрекет етудің салдарынан зиян келтірілгені туралы болжам кезінде;
6) адамда психикалық ауытқулар мен сексуалдық зорлық- зомбылық бейімділігі болғанда;
7) медициналық қызмет (көмек) көрсету сапалығына мемлекеттік бақылау, медициналық қызметтің көлемі мен сапалығы бойынша шарттық міндеттер мониторингін жүргізу кезінде;
8) Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңымен белгіленген тәртіпте прокуратура органдарымен тексеру жүргізу кезінде;
9) барлау-бақылау қызметінің тапсырмасын шешу мақсатында, арнайы мемлекеттік органдардың сұрауы бойынша.
5. Жеке тұлғалардың дербес медициналық деректерінен тұратын электрондық ақпараттық ресурстарды, қан және оның компонеттеріне донорлық болумен, органдар (оның бөлшектерін) және (немесе) тіндермен (оның бөлшектерін) байланысты, сондай-ақ, құқық қорғау, арнайы мемлекеттік органдардың медициналық құпиядан тұратын электрондық құжат түрінде ақпаратты ұсыну жөніндегі сұраулары, психобелсенді заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлық бұзушылығы (аурушаңдығы) бар адамдардың есепте тұру жағдайынан басқа кездері, жеке өмірлеріне қатысты дербес медициналық деректерді қолдану кезінде жеке тұлғалардың рұқсатынсыз оларды басқа деректер базасымен байланыстыратын телекоммуникация желілеріне қосуға тыйым салынады.