БЕЛСЕНДІЛЕР БАС ҚОСТЫ

Жұма күні Кәсіподақтар үйінің мәжіліс залында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының ұйтқы болуымен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері бас қосып, ағымдағы мәселелерді талқылады.

Филиал төрағасы Майра Кашкенова әріптестерімен алдымен Үшжақты салалық келісім шарттан туындаған жекелеген мәселелерді талқыға салды. Онда денсаулық сақтау мекемелері мен ұйымдардағы кәсіподақтың рөлі, үшжақты салалық келісімнің маңызы, жұмыс берушілермен арадағы әлеуметтік әріптестікті нығайту туралы сөз қозғалып, кәсіподақ белсенділерін толғандырып жүрген сауалдар талқылау өзегіне айналды.

Басқосуда сондай-ақ, жазғы демалыс уақытында шипажайларға баратын кәсіподақ мүшелерінің тізімін жинақтау, 12 мамыр – Мейірбикелері күнін лайықты атап өту туралы ойлар да ортаға салынып, айтылған ұсыныс-пікірлермен шешім қабылданды.