МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ АШЫҚ ҚАЛАЛЫҚ СПАРТАКИАДА

26.05.2024 жылы қала әкімінің орынбасары — Губашев А.З., Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Исанов А.А., «Орал» СК басшысы — Гилымов О.Г. қатысуымен медицина қызметкерлері арасында дәстүрлі ашық қалалық спартакиада өткізілді.

Іс-шараны «Senim «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚОФ және “БҚО денсаулық сақтау басқармасы» ММ, «Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «Орал» СК, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы, «Атоян кентінің» стадион әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Спартакиадаға 16 аудандық МҰ қызметкерлері үлкен ынтамен қатысты. Қатысушылар 6 спорт түрінен, атап айтқанда шағын футбол, жағажай волейболы, аркан тарту, дартс, асық ату, 4*100 метрлік эстафетадан өз күштерін сынай алды.

Қарқынды күрес нәтижесінде жалпы командалық есепте жүлделі орындар келесідей қалыптасты:

1 орын — «Бөрлі ауданыдық ауруханасы» ШЖҚ МКК номиналы 100 000 теңге сертификат табысталды;

2 орын — «Жәнібек аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК номиналы 75 000 теңге сертификат табысталды;

3 орын — «Қаратөбе аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК номиналы 50 000 теңге сертификат табысталды;

4 орын — «Казталов аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК номиналы 25 000 теңге сертификат табысталды.

Сондай-ақ, «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік жанкүйерлер» және т.б. номинациялар бойынша дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

«БҚО денсаулық сақтау басқармасы» ММ, «Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы, «Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі» ЖШС, «Орал» СК және «Атоян кенті» стадионының әкімшілігін қолдағаны үшін Алғыс білдіреміз.