Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кезектен тыс XXV съезі

03.10.2018 ж. Астана қаласында ЭКСПО Конгресс орталығында ҚР Мемлекеттік Хатшысы Г. Әбдіқалықова, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі М.Әбілқасымова, Халықаралық Еңбек Ұйымының Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі Т.Өміржанов, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы Т.Доскенов қатысуымен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кезектен тыс XXV съезі өтті.

Съезге «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан Қазақстанның аймақтарынан 17 делегат қатысты.
Съезд жұмысын ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым ашты. ҚРКФ Төрағасы алдағы жылдарға маңызды міндеттерді айқындады: өндірістерде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, жұмысшыны әлеуметтік қорғау саласын жаңғырту және жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы медиация мәселелері, кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс берушімен ұжымдық шарт бекітпеген, яғни құқықтары мен мүдделері нормативтік-құқықтық құжатпен қорғалмаған жұмысшыларды кәсіподақ қозғалысына тарту, Еңбек жастары үшін білім алуды, біліктілік пен құзыреттілікті максималды түрде қолжетімді ету, еңбек нарығының талаптарына сай кадрларды қайта дайындау және қайта біліктілікті арттыру мәселелері.