«SENIM» СЫЙЛАҒАН СЕРТИФИКАТ

Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай медицина қызметкерлері арасында ерекше бала тәрбиелеп отырған, аз қамтылған, көп балалы немесе толық емес отбасыларына әлеуметтік қолдауды дәстүрге айналдырған. Бұл іс-шараны өткізудегі мақсат – болашақ жастар бен жасөспірім балаларға қуаныш сыйлап, қамқорлық көрсету.

Бүгін осы атаулы мерекеге байланысты салалық кәсіподақтың облыстық филиалы төрағасы Майра Кашкенова Атқару комитетінің қаулысымен облыстың емдеу-сауықтыру мекемелерінде қызмет жасап жүрген әріптестерінің 20 баласы үшін әрқайсысына кәсіподақ қаржысы есебінен 50 мың теңгеден қаржы бөлінгендігін және бұл қаражат жеке есеп шоттарына аударылатындығын мәлімдеді. Ол балалардың ата-аналарына арнайы серификаттарын табыс етті. Кәсіподақтың тарапынан көрсетілген бұл қамқорлыққа ата-аналар ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.