КОНКУРС МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Атырау облыстық филиалы осы жылдың наурыз айында аймақтағы бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистер арасындағы «Менің сүйікті мамандығым!» атты шығармашылық байқау жариялаған болатын.

Оны ұйымдастырудағы мақсат: медицина мамандығының қоғамдағы рөлі мен беделін арттыру, олардың жұмысының күрделілігін, заманауи медицинадық қызметтің өзекті мәселелері мен ақ халатты абзал жандардың абыройлы қызметтерін көпшілікке жеткізіп, насихаттаудағы журналистердің шығармашылық әлеуетін ашу және ынталандыру болатын.

Дегенмен, конкурсқа жолданған материалдардың біртектілігі мен тым аз түскендігін және өңірдегі су тасқынына байланысты жарияланған төтенше жағдайға орай аталған шығармашылық конкурс мерзімінің 30 тамыз – Конституция күні мерекесіне дейін созылатындығын хабарлаймыз.

Конкурстың шарты мен талаптары өзгеріссіз қалады.

Конкурсты өткізу бойынша түсіндірме ақпарат пен кеңес алу үшін телефон номері +77017640592, +77784874252, +77752868622, +77789341535.

Мына мекен-жайға, Атырау қаласы, Гурьевская көшесі 5В, кабинеттер 22 және 23 хабарласуға болады.

Электрондық пошта: senim.atyrau@mail.ru.