МЕЙІРБИКЕЛЕР ТҮСТІ САЙЫСҚА

Бүгін «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы Атырау жоғары медицина колледжінің қолдауымен аймақтың емдеу мекемелерінің орта буын медицина қызметкерлері арасында «Үздік мейірбике-2024» атты облыстық байқауы басталды.

Атырау жоғары медицина колледжі базасында өтіп жатқан аталмыш байлаудың ашылу салтанатында салалық кәсіподақ филиалының төрғасы Майра Кашкенова сөйлеп, әріптестеріне сәттіліктер тіледі. Конкурс шарты бойынша қала мен аудандардан келген қырықтан астам мейірбикелер, лаборанттар, фельдшерлер мен акушеркалар арнайы тест сұрақтарына жауап беріп, практикалық жұмыстарды орындауы тиіс. Ал құрылған арнайы комиссия бағалау арқылы үздіктерін анықтайтын болады.