ЖЫЛЫОЙЛЫҚТАРҒА – ДӘРІГЕРЛЕР КӨМЕГІ

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы салалық кәсіподаққа қарасты облыстың емдеу-сауықтыру мекемелерінің ұжымдары да тасқынның алдын алу жұмыстарына белсене қатысып жатыр. Мәселен, Дамбы ауылындағы дәрігерлік амбулаториясына қарасты генераторды тасқын судан қорғау үшін бөгет соғылып, мұндағы жертөле ішіндегі қажетті медициналық тауарларды қауіпсіз жерге жинақталды, Жайық өзені бойындағы Алмалы ауылы тұсынан бөгет салуға қатысуда.

Денсаулық сақтау саласы бойынша Жылыой ауданынан Бейнеуге 38 науқас 8 реанимобиль автокөлігімен жөнелтілді, 8 дәрігер тасымалдау жұмысына тартылды. Барлығы да кәсіподақ мүшелері. Бүгін Кәсіподақ филиалы қаражаты есебінен жанар жағар май, басқа да қажетті құрал-жабдықтар сатып алу үшін 300 мың теңге ақша бөлінді. Бұл қаражатқа зардап шеккен Жылыойлықтар үшін 35-тен көпшік-одеяло, 20 матрас, 40 шелек, 4 орам шпагат жібі жөнелтілді.

Облыстық балалар ауруханасы, облыстық аурухана, онкология диспансері және қан орталығы ұжымдары Жайық өзені жағалауында бөгет соғу жұмыстарына жұмылдырылған.

Майра КАШКЕНОВА, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының төрағасы