Құрметті Бақберді​ Боштабайұлы!

Кезембаев Бақберді​ Боштабайұлы,​ 1953 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1974 жылы Алматы қалалық №1 ауруханада гастроэнтерологиялық бөлімше мейіргері ретінде бастаған ол Талас аудандық ауруханасының хирург дәрігері, Жамбыл медициналық колледжінде оқытушы, Жамбыл онкологиялық диспансерінің онколог дәрігері, қалалық денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, №5 қалалық емханасының бас дәрігері, облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері, ​Жамбыл облыстық қан орталығының директоры қызметтерін атқарған.

Өз мамандығына адал және мамандығын қашан да мақтанышы санайтын​ Бақберді​ Боштабайұлын әріптестері жауапкершілігі жоғары, іскер ұйымдастырушы, білгір де білікті басшы, мықты басқарушы ретінде біледі. Жоғары ізденімпаздығымен танылған ол қызмет барысында көптеген жас мамандарды тәрбиелеп, олардың біліктіліктерінің арттырылуына мұрындық болған. Қазіргі таңда облыстық қан орталығының дайын қан өнімдерін тарату бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып отырған ардагер-дәрігер өз ісіне асқан ұқыптылықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауда. Оның әрбір ісінен, толағай тірліктерінен жастар мен әріптестері тәлім-тәрбие алып, басқаларға өнеге көрсетуде. Біз Сізбен мақтанамыз, Сізді білеміз және Сізден үлгі аламыз!

Құрметті Бақберді​ Боштабайұлы!

Сізді бүгінгі қуанышты сәтіңіз — туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Денсаулығыңыз мықты, жүзіңіз жарқын, ғұмырыңыз ұзақ та мағыналы болсын деген ізгі ниетпен Сізге бақыттың баяндысын, дәулет — ырыстың сыр суындай сарқылмасын, жүрер жолыңыздың ұзақ, көрер қызықтарыңыздың мол болуын тілейміз!

Ізгі ниетпен, SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы
Момбекова Гүлмайра Асанқызы