Жолдауды қолдау — әр адамның міндеті!

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Онда алдағы жылдарға арналған дамудың 9 негізгі стратегиялық бағыты белгіленіп, нақты тапсырмалар берілді. Оның ішінде денсаулық сақтау саласы да бар.

“Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керек”,- деп айтқан ел Президенті медицина саласын дамыту бойынша атқарылар жаңа міндеттерді айтты.

— Биыл денсаулық сақтау саласына бюджеттен 3,3 триллион теңге қаржы бөлінді. Бірақ, оның нәтижесі әлі көрініп жатқан жоқ. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасында міндеттердің дұрыс бөлінбеуі бұрмаланған ақпараттың көбеюіне әкеп соқтырды. Науқастарға мемлекет кепілдік берген қызметтерді ақылы негізде алуды немесе бірнеше ай бойы кезек күтуді ұсыну жайттары аз емес. Бұған жол беруге болмайды. Бюджеттің мүмкіндігі мен міндеттемесін ескере отырып, мемлекет кепілдік беретін медициналық көмектің бірыңғай базалық топтамасын жасау қажет. Ал одан асып кеткен шығынның бәрі сақтандыру жүйесі арқылы төленуге тиіс. Цифрландыру болмаса, мұндай ауқымды өзгерістерді сәтті жүзеге асыру мүмкін емес. Бір-біріне байланысы жоқ ондаған бағдарлама мен ақпараттар базасының орнына бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпарат жүйесін жасау керек. Жаңа жүйе, меншік түріне қарамастан, мемлекеттік тапсырыс алатын медицина мекемелерінің бәріне толық бақылау жасалуын және мәліметтердің шынайы болуын қамтамасыз етуі қажет.

Ұлт саулығы — ел болашағы. Біздің басты міндет —халқымыздың әл-ауқатын жақсартып, жоғары деңгейде көмек көрсету.

Біз, медицина қызметкерлері, Президентіміздің бізге артқан сенімін ақтап, алдағы уақытқа белгіленген міндеттерді аса жауапкершілікпен орындауға және ұлт саулығын арттыруға бар күш-жігерімізді салатын боламыз.

“SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалы