«№ 3 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК ұжымымен кездесуі өтті

Бүгін 2024 жылы 26 қыркүйекте ақпараттық-түсіндіру науқанының жалғасы ретінде «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы М. Кусаинов, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Батыс Қазақстан облыстық филиалының заңгері С. Саменова Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының «№ 3 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК ұжымымен кездесуі өтті.

Кездесу шеңберінде қызметкерлердің жалақы төлеу, еңбек құқықтарын сақтау, қауіпсіз және жайлы еңбек жағдайларын жасауға және т.б. ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының «№ 3 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Жағпарова есепті кезеңде ұжымға есеп берді.