Бүгін – Қазақстан кәсіподақтары күні!

Кәсіподақ – бұқаралық қоғамдық ұйымдардың бірі және қоғамның саяси жүйесінің ажырамас бір бөлігі.

Бұл мереке кәсіподақтар мен бірлестіктердің маңызды рөлін тану, кәсіподақтың қозғалысына жаңа серпін беру үшін бекітілгені мәлім.

Кәсіптік одақ ұйымдарының белсенділері – жұмыскерлердің мүддесін қорғай отырып, олардың құқықтары сақталып, еңбектері еленгенін, жұмыс ұжымдары мәртебесінің жақсарғанын қалайтын ұйымдастырушылар мен жаңашыл жандар.

Құрметті әріптестер! Қызметіміз жемісті де табысты, абыройлы да берекелі болсын! Отбасыларыңызға амандық, бақыт пен қуаныш тілеймін.

“SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы
Момбекова Гүлмайра Асанқызы