Білім күні

1 қыркүйек-дәстүрлі түрде «Білім күні», оқу жылының басталуы атап өтіледі. ««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен бірлесіп жыл сайын «SENIM»-мен мектепке жол» акциясын өткізді.

Іс-шараның мақсаты көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан бастауыш сынып кәсіподақ мүшелерінің балаларына материалдық көмек көрсету болды.

Қажетті кеңсе тауарларымен толтырылған мектеп рюкзактарымен 1250 бала қамтылған.

Сондай-ақ, мерекені безендірген балалар шоу бағдарламасымен аниматорлар шақырылды.

Балалар бірге ойнап және күлімсіреп уақыт өткізе алды.