Эндокринолог күні және Дүниежүзілік қант диабетімен күресу күніне орай, бүгін, еліміздің барлық эндокринологтарын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын.

Қант диабеті эндокриндік жүйемен байланысты ауру болғандықтан эндокринолог мамандар осы ауру түрін диагностикалау мен емдеумен айналысады.
Қант диабеті меллит эндокриндік дисфункциямен байланысты аурулардың қатарына жатады және оны диагностикалау мен емдеудің негізгі бағыты эндокринологтарға бағытталған.

Эндокринолог -гормондық түзету арқылы эндокриндік жүйе ауруларын диагностикалаумен, емдеумен және алдын алумен айналысатын дәрігер. Олар адам өмірін қант диабеті секілді білдірмей алатын аурулардың алдын-алып қана қоймай, оны емдеумен айналысады.

Эндокринолог дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын.

Сіздерге зор денсаулық, мол табыс және сәттілікпен бақыт, отбасыларына амандық тілеймін.

“SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы
Момбекова Гүлмайра Асанқызы