«Senім» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалы қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы «10-қазан Кәсіподақтар күніне» орай салтанатты шара өткізілді. Шара барысында Медицина саласындағы кәсіби шеберлігі мен халық денсаулығын қорғаудағы ерен еңбегі үшін облыс әкімінің «Алғыс хаты» және дер кезінде науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, адам жаны арашасы болған, ерен еңбегі үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Атырау облыстық филиалының «Алғыс хатымен» Атырау облыстық жедел — жәрдем станциясының алты қызметкері марапатталды:
Сонымен қатар «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» емдеу-сауықтыру мекемелерінің он алты қызметкері марапатталды.
«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің 2019 жылдың 25 — қыркүйегінде өткен Атқару комитетінің № 40 — шешімімен алты кәсіподақ мүшелеріне қайырымдылық сертификаттарын табыстау ұйғарылды. Сертификат құны – 250 мың теңге.
«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің 2019 жылдың 7 — маусымда өткен Атқару комитетінің № 38 — шешімімен алты кәсіподақ мүшелеріне кәсіподақ шәкіртақысы тағайындалды. Шәкіртақы құны – 20 000теңге. «Кәсіподақ шәкіртақысы» сертификатымен марапатталады:
Денсаулық саласы қиындығымен қызығы бірге жүретін сала, бүгінгі таңдағы денсаулық сақтау саласында орын алып жатқан өзекті мәселелерді көтеру мақсатында емдеу-сауықтыру мекемелері арасында байқау ұйымдастырылып, сол байқауға қатысуға емдеу-сауықтыру мекемелерінің қызметкерлері қатысып, әзіл-сықақ көріністерін көрсетті.Әділ қазы алқалары әділ шешім шығарып:
1орынды Атырау Облыстық қан орталығы
2орынды №1 қалалық емхана
3орынды Атырау облыстық жедел-жәрдем станциясына берілді.
Шара соңында колледж студенттері би билеп, ән шырқалып керемет көңіл-күй сыйлады.