Қазіргі уақытта, мейірбикелер біздің облыстың денсаулық сақтау қызметкерлерінің ең көп санатын құрайды. Маңғыстау облысының медициналық ұйымдарында 5400-ден астам мейірбике жұмыс істейді. Мейірбике әрдайым дәрігердің көмекшісі және емдеудің соңғы нәтижесі дәрігердің білімі мен дағдыларына ғана емес, сонымен қатар, көмекшісінің әрекеттеріне де байланысты. Өз табиғаты бойынша мейірбикелердің жұмысы орындаушылық сипатта болғанымен, мәні бойынша бұл дәрігердің қызметінен кем емес.
Мейірбике пациенттерге жан-жақты күтімді, әр түрлі диагностикалық және емдік рәсімдерді қамтамасыз етеді. Ол дәрігерден әлдеқайда көп уақыт науқастың жанында болып, оның әл-ауқаты нашарлаған жағдайда бірінші болып көмекке келуі мүмкін. Қаншалықты қиын болса да, ол барынша қайтарыммен жұмыс істеуі керек, науқасқа сенімділік ұялатуы керек. Мейірбикенің жұмысы әдетте эмоционалды түрде қаныққан және бүкіл жұмыс күні, ең алдымен, аса назар аударуды қажет ететін пациенттермен тығыз қарым-қатынаста болады. Қазіргі заманғы мейірбике жан-жақты сауатты маман, жоғары мәдениетті адам болуы керек және жанашырлық, еңбекқорлық, адалдық сияқты қасиеттерге ие болуы тиіс.
Бұл күні барлық медициналық ұйымдарда ерекше көзге түскен «Мейірбике ісі» мамандары Маңғыстау облысы әкімінің, Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының, «SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалының Құрмет грамоталарымен, Маңғыстау облыстық мәслихатының Алғыс хаттарымен, сондай-ақ медициналық ұйымдар басшылығының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Олардың атына ұйым басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен әріптестері жылы лебіздерін білдірді. Дәстүр бойынша марапатталғандарға естелік сыйлықтар, сертификаттар , ақшалай сыйлықтар сонымен қатар, әрине, гүлдер табыс етілді.
«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы » РҚБ Маңғыстау облыстық филиалы біздің облыстың мейірбике ісінің барлық мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтайды. Сіздің жұмысыңыз күрделі және жауапты, шешім қабылдау қабілетін, жаңа технологияларды жетілдіруге және игеруге деген ұмтылысты талап етеді. Сіз пациенттердің жағдайын бақылап қана қоймай, дәрігерлердің тағайындауларын орындайсыз, қабылдауды үйлестіресіз, сонымен қатар, кейде таптырмайтын қолдау мен психологиялық көмек көрсетесіз. Сізге тәулік бойы пациенттерге қамқорлық жасағаныңыз және таңдаған мамандығыңызға адал көзқарасыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздің кәсібилігіңіз, сезімтал жүрегіңіз және алтын қолдарыңыз әрқашан пациенттердің сүйіспеншілігі мен ризашылығымен марапатталсын. Сізге денсаулық, бақыт, қуаныш және амандық тілейміз!