«1маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай мерекелік шара өтті

«1маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай, «Senim»денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Атырау облыстық филиалы, ЖШС «Медикер Жайық» QAMQOR QP2 филиалы кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті. Мерекелік шара емхана ауласында, барлық эпидемиологиялық талаптарды сақтаумен өткізілді.

Арнайы шақыртылған аниматорлар, түрлі тәттілер, ойыншықтар таратылды. Балалардың көңіл күйлерін көтеріп,  мереке сыйладық.

Балалар біздің болашағымыз!

Баршаңыздың балаларыңыз аман болсын!!!