2021жылдың қазанның 27-ші жұлдызында «Senim » Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Атырау облыстық филиалы жанындағы «Senim» Жастар кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Өткізілген отырыста Жастар кеңесінің жаңа құрамы сайланып, сайланған мүшелері арасынан жастар кеңесінің төрағасы болып Дабысов Ерлан Атырау облыстық балалар ауруханасының бөлім басшысы сайланды. Төраға орынбасарлығына №5 Атырау қалалық емхананын бас менеджері Ғалым Әлібек сайланды.

Жастар кеңесінің құрамы алдағы уақытта ұйымшылдықпен жұмыс жасап, бірге жетістіктерге жетуге әрқашан дайын екендіктерін жеткізді.Сонымен қатар отырыс барысында Жастар кеңесінің 2021-2022жылдарға арналған жұмыс жоспары қайта қаралып,бекітілді.

ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай, Жастар кеңесінің мүшелері мәдени-көпшілік шараларды өткізуге өз ойларын бөлісті.