2023 жылдың 1-қаңтарынан медициналық қызметкерлерінің жалақысы көтерілді

2023 жылдың 1-қаңтарынан денсаулық сақтау ұйымдарындағы 11 896 медициналық қызметкерлерінің, оның ішінде 3 248 дәрігердің жалақысы орта есеппен 30%-ға, 8 648 орта медицина персоналының жалақысы орташа есеппен 20%-ға ұлғайды, дәрігердің айлығы орта есеппен 453 427 теңгеден 589 455 теңгеге өсіп , орта медициналық буын персоналының айлығы 204 000 нан 244 800 теңгеңе көтерілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы көптеген жылдан бері көтерілмеген тазалықшы, жүргізуші және өзге де персоналдардың еңбекақысы орта есеппен 18%-ға көтеріледі. Атап айтқанда, 3 430 тазалықшының еңбекақысы орта есеппен 124 854 теңгеден 147 327 теңгеге дейін көтерілді.