2023 жылдың 10-шы қаңтарынан бастап «SENIM» Жамбыл облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдарында есеп беру кездесулері басталды

2023 жылдың 10-шы қаңтарынан бастап «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдарында есеп беру кездесулері басталды. Бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ төрағалары мен Тексеру комиссиялары қаржы шаруашылық қызметін тексеріп, ұжымға кәсіподақтың 2022 жылы атқарған жұмыстарына жылдық есептерін берді.

Кәсіподақ қызметі ашық негізде жүзеге асырылуын және қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында, Жамбыл облыстық филиалы төрайымы Момбекова Гулмайра Асанқызы есеп беру кестесіне сәйкес бастауыш кәсіподақ ұйымдарының есеп беру жиналыстарына қатысып, бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының 2022 жылда атқарған жұмыстарына өз бағасын берді.