2023 жылы 23 қазан күні Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында Республика күніне орай салтанатты жиын өткізілді.

Жиынға БҚО Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Л.А.Шаймарданова, “SENIM” «Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы М.К.Кусаинов, ардагер дәрігерлер қатысты.

Жиналыста барша қатысушыларды, қазақ елін осы атаулы мерекесімен, ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған, елімізге еркіндік сыйлаған күнмен құттықтап, ел егемендігіне арналған патриоттық туындылар шырқалды.

Сонымен бірге, Республика күніне орай адал еңбегімен, жетістіктерімен көзге түскен жедел медициналық жәрдем станциясының беделді қызметкерлері Алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды