Денсаулық сақтау саласындағы негізгі көмектің бірі – жедел жәрдем қызметі. Қоңырау шалып, көмек сұраған науқастарға алғашқы медициналық жәрдем көрсету – жедел жәрдем қызметінің басты міндеті. Ал қазіргі уақытта еліміздегі індеттің таралуы өршіп тұрған шақта бұл қызметтің жасап отырған қызметі ерекше. Жылдамдық пен шыдамдылықты, кәсіби біліктілікті қажет ететін медицинаның бұл саласында қызмет ету – екінің бірінің қолынан келе бермесі анық.
Жедел-жәрдем қызметі таңғы 8.00-де ауысым жұмысын бастап, келесі күннің таңғы сағат 8.00-де жұмысын аяқтайды, яғни 24 сағат қызмет етеді. Санитарлық автокөлікпен жабдықталуы — 100%. Автокөліктер саны — 93 бірлікті құрайды.
Жамбыл облысы бойынша қазіргі уақытта 1 айда орта есеппен жедел-жәрдем станциясына тәулігіне 1500-1800 қоңырау шалынуда. Шақыртулардың басым бөлігі қан қысымының көтерілуі, дене қызыуы.
Call-орталықта бір ауысымда 22 диспетчер қоңырау қабылдаса, 13 қызметкер шақыртуды бригадаларға бағыттап отырады. Түскен шақыртуларды «КӨМЕК» автоматтандырылған басқару жүйесі өңдейді. Әр желілік жұмыс тобында тікелей Call-орталықтан шақыртуды қабылдау планшеттері (комуникатор) бар. Барлық автокөліктер GPS-навигаторларымен қамтылған. Бұл өз кезегінде әр бригаданың қай жерде екенін онлайн режимде, 24 сағат бойы бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Call-орталықта 2 дәрігер тәулік бойы науқастарға және желілік бригадаларға медициналық кеңес береді.
Барлық медицина қызметкерлері тиісті оқытудан өтті.
Облыстық жедел-жәрдем станциясы 25 дана өкпені жасанды желдету аппаратымен, 25 пульсоксиметрмен қамтылған. Бұдан бөлек, медицина қызметкерлері қорғаныш киімдерімен және жедел медициналық жәрдемге қарасты бөлімшелер мен бекеттер дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген.
Құрметті жедел жәрдем қызметкерлері! Сіздердің адал еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз және оның қадірін білеміз.
Қызметтеріңізге табыс, болашаққа сенім мен отбасыларыңызға амандық тілейміз! Өздеріңізге сақ болыңыздар. Дендеріңіз сау болсын!
SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы
Момбекова Гүлмайра Асанқызы