АКЦИЯ АЯСЫНДАҒЫ ШАРА

Бүгін Кәсіподақтар үйінің мәжіліс залында жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша жаңа оқу жылы қарсаңында «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы «Мектепке жол» акциясы аясында балалар үшін әсерлі шара ұйымдастырды.

Онда облыстық филиал төрағасы Майра Кашкенова сөз сөйлеп, алдағы жаңа оқу жылында балаларға денсаулық пен сапалы білім, үздік үлгерім мен сәттіліктер тіледі. Ол Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған биылғы балалар жылына байланысты салалық кәсіподақтың атқару комитетінің шешімімен денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін материалдық жағынан қолдау мақсатында 31 /отыз бір/ балаға 30 /отыз/ мың теңгенің сертификатын табыс етті.

«Мектепке жол» акциясы аясындағы бұл шара соңында балалар арнайы шақырылған аниматорлармен бірге асыр салып ойнап, би биледі және олармен көңілді ойындар ойнады.