Алғыс айту күні құтты болсын!!!

Бүгін 1 наурыз күні біз жалпыхалықтық мереке — Алғыс айту күнін атап өтудеміз. Бұл мереке біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні.

Бұл – Ұлы Дала елінің ұлағатты өткеніне тағзым, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген біртұтас елдің ертеңіне деген нық сенім.

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы атынан барша жұмыс беруші – әлеуметтік әріптестерге, кәсіподақ көшбасшылары мен белсенділеріне кәсіподақ мүшелерінің мүддесі мен құқығын қорғау, қауіпсіз еңбегін қамтамасыз ету және ұжымдық шарт талаптарын орындаудағы ынтымақты байланыстағы қажырлы қызметтеріңіз үшін ризашылығымды білдіріп, Алғыс айтамын.

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін!

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі

жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы»

республикалық қоғамдық бірлестігі

Атырау облыстық филиалының төрағасы

М.Тұрланқызы