«Қалың қалай, бастауыш?» акциясы аясында қалалық жедел медицина жәрдем станциясының қызметкерлерімен кездесу өтті

Қазан айының 6 күні БҚО «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Құсайынов Махамбет Кәкімұлы мен БҚО «Кәсіподақтар орталығының» төрайымы Есекенова Айгүл Оразқызы ҚР Кәсіподақтар Федерациясының «Қалың қалай, бастауыш?» акциясы аясында қалалық жедел медицина жәрдем станциясының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде Айгүл Оразқызы БҚО «Кәсіподақтар орталығының» қызметі, жобалары мен еңбеккер мүддесін қорғаудағы атқарылған жұмыстармен таныстырды. Сонымен қатар, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауының маңызды тұстарына тоқталып, түсіндірді. БҚО «Кәсіподақтар орталығының» азаматтарды қоғамдық қабылдау, «Заң клиникасы» сынды жобаларын таныстырып, кез-келген уақытта мамандардан онлайн және офлайн форматта заңнамалық, құқықтық көмек ала алатындарын айтты.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы өз қызметін ұжымдық шарт негізінде жүзеге асырады, Төрайымы Құрмашева Майра Құбайдоллақызы. Орал қалалық жедел медицина жәрдем станциясының қызметкерлері түгелдей дерлік кәсіподақ мүшелері болып табылады.

Махамбет Кәкімұлы, өз кезегінде кәсіподақ мүшелерін ҚР Кәсіподақтар күнімен құттықтап, мерекеге орай өткізілген республикалық салалық спартакиададан жүлделі орын алған қызметкерлерді марапаттап, алғыс хаттар мен сертификаттар табыстады.

Кездесу барысында еңбеккерлер өздерін мазалаған сұрақтарды қойып, кәсіподақ қозғалысына қатысты пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды.