Ардақты ханымдар, құрметті әріптестер!

Сізді және Сіз басқарып отырған ұжымның әйелдер қауымын шұғылалы көктемнің мерекесі «8-наурыз Халықаралық әйелдер күні» мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Көктемнің шуақты сәті аналарымыз бен аруларымыздың мейрамынан бастау алады.
Ізгі ниет пен сұлулыққа, сырбаз сезім мен сыйластыққа толы осы күн жан-дүниені жадыратып, жүректерге жылу береді.

Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген аналар қауымы ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күшке ие.

Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық,отбасыңызға бақ-береке,еңбектеріңізге табыс тілеймін!

«Senim » Денсаулық сақтау жүйесі
жұмыскерлерінің салалық кәсіптік
одағы» РҚБ Атырау облыстық
филиалы төрағасы

М.Кашкенова