Қаржыгерлер күні

Бүгін — 15 қарашада, экономиканың қаржы секторының қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – Қаржыгерлер күні. Бұл күнді таңдау кездейсоқ емес және бұл күн — өзіміздің ұлттық валютамыз — теңгенің 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға енуімен байланысты.

Адамзат кез-келген жұмыстың, әр мамандықтың абыройлы екендігін және де адамның өз жұмысына қаншалықты жауапкершілікпен қарап, қаншалықты ынта-жігермен жұмыс істейтініне байланысты болатынын әрқашан мойындап отырған. Барлық кәсіп өздігінше ерекше және маңызды. Әр кәсіптің өзінің жұмыс айрықшылығы, өзінің қайталанбас тарихы, өз құндылығы және өз батырлары бар. Әрине, дерлік әр кәсіптің өзінің ерекше аталып өтетін мерекелі күні- өзінің кәсіби мерекесі де бар!

Осыған орай, Қаржыгерлер және ұлттық валюта күні менің өздеріңізге деген ең ыстық құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Сіздерге Қазақстан экономикасының қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге және де саланың экономикалық секторының қаржы жағынан ырысты-берекелі болуына мүмкіндік туғызуға ықпал етіп отырған жұмыстарыңыздың табысты болуына тілектеспін.

Дендеріңіздің сау, еңбектеріңіздің жемісті болып, қаржылық қызметте тұрақтылық пен жаңа белестерге жетулеріңізге жүрекжарды тілегімді білдіремін! Отбасыларыңыз аман, дендеріңіз сау болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, қызметтеріңіз баянды бола берсін!