Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне орай волейбол спорт түрінен өткізілген медицина қызметкерлері арасындағы турнир

2023 жылдың 19 тамызында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ – нің Жамбыл облыстық филиалының қолдауымен Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз – Арена» спорт сарайындаҚазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне орай волейбол спорт түрінен медицинақызметкерлері арасындағы турнир өтті.

Турнирдің мақсаты мен міндеттері:

— «Салауатты өмір салтын насихаттауды күшейту, денсаулық мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттыру» 91 – тармағын іске асыру мақсатында;

— Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын орындау мақсатында;

— Облыс тұрғындары арасында дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту жұмысын жетілдіру, оларды дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысуға тарту.

Жарысқа медициналық мекеме қызметкерлерінен құралған 7 команда қатысты: Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасы, Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасы, Жамбыл облыстық перинаталдық орталығы, Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығы, Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы, Жамбыл облыстық көп бейінді онкология және хирургия орталығы, Қалалық көп бейінді ауруханасы.

Жарыс қорытындысы бойынша турнирдің жеңімпаздары:

І орын – Қалалық көп бейінді ауруханасы командасы;

ІІ орын – Жамбыл облыстық перинаталдық орталығы командасы;

ІІІ орын – Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы командасы.

Жеңімпаздарға «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-ның Жамбыл облыстық филиалының атынан ақшалай сертификаттар табыс етілді:

І орын иеленген командаға 300 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификат;

ІІ орын иеленген командаға 200 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификат;

ІІІ орын иеленген командаға 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификат.

Сонымен қатар, жарысқа қатысқан барлық командалар дипломмен марапатталып, қатысушылардың барлығына алғыс айтылды.