Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлының Атырау облысындағы сайлаушыларымен кездесуі өте жоғары дәрежеде өтті.

Ағымдағы жылдың 30 мамыры күні Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлының Атырау облысындағы сайлаушыларымен кездесуі өте жоғары дәрежеде өтті. Тұрғындар қалашығында орналасқан Құрманғазы мәдениет үйіне президенттікке үміткермен жүздесуге « Senim » Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы РҚБ Атырау облыстық филиалы және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары,

« Senim » жастары, кандидаттың сенімді өкілдері.

Кездесу шымылдығы облыс жастарының сайлау науқанына арналған флешмобымен ашылды.

– Қазақта «бір адам таққа отырса, отыз адам атқа қонады» деген аталы сөзі бар, соны бүгін айқын сезініп отырмын, – деп бастады сөзін Амангелді Сатыбалдыұлы жиналған зал толы жұртшылыққа қарап. Одан әрі Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат өзінің сайлауалды тұғырнамаларымен кеңірек таныстырды. Сайлаушылармен болған жиналыста келесі сөз алған Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы, кандидаттың сенімді өкілі Жақыпов Мирболат Хабиұлы өз әріптесінің өмірлік еңбек жолына кеңірек тоқталды. «Оның бойындағы іскерлік, ұйымдастырушылық қасиеттер студенттік шақта кәсіподақ көшбасшысы ретінде толық ашылды», – деп одан әрі естеліктерімен бөлісті.

Кездесуде сөз алғандардың қатарында «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы РҚБ Атырау облыстық филиалының төрайымы М.Кашкенова  жиналған дүйім жұртты сайлауға ұйымшылдықпен қатысып, кәсіподақтан сайысқа түскелі отырған үміткерге қолдау көрсетуге үн тастады.

Жиналыс соңында сайлауалды штабтың атынан А.С. Таспихов өзіне көрсетілген қошаметке шын ризашылдығын білдіре отырып, бір топ белсенділерге «Алғыс хат» тапсырды. Кездесу соңы жастардың патриоттық ән-күйіне ұласты.