Сауықтыру орталығында бірнеше бөлім бар: әкімшілік бөлімі, қабылдау бөлімі, физиотерапия бөлімі, 1 және 2 терапия бөлімі, асхана бөлімі, кір жуу бөлімі және мекеменің ауласында бөлек орналасқан қазандық және гараж бөлімі бар. Жалпы 100 аса мекеме қызметкерлері жұмыс істейді. Әр бір бөлімнің өзіне тиісті қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқаулығы бар. Жазатайым оқиғалардың алдың алу мақсатында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаушы мен кәсіподақ төрайымы жылына 2 рет барлық мекеме қызметкерлеріне жұмыс орнында өз мамандығына сәйкес нұсқаулық өткізеді. Осындай үлкен шараға байланысты, 27 тамызда сауықтыру орталығында Қауіпсіздік техникасы бойынша инспекторы Абилхайров Еркин Максутовичпен «SENIM» кәсіподақ ұйымының төрайымы Жолтаева Самал Ойратқызының бастамасымен мекеме қызметкерлеріне «Жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасы» нұсқаулығын және «Өрт қауіпсіздігі техникасы» бойынша нұсқаулықтар өткізілді. Әр бір маманға тән нұсқаулық әзірлеп, жұмыс орнына барып, толықтай нұсқаулық өткізілді.
Мысалы, әкімшілік бөлімінде көбінде компьютермен жұмыс істейді,сондықтан ол қызметкерлерге компьютермен жұмыс жасағандағы қауіпсіздік техникасын қалай сақтау керектігін түсіндірілді. Физиотерапия бөлімінде зиянды лазерлік аппараттар мен сәулелегіштер бар. Әр бір аппараттың өзінің қауіпсіздік нұсқаулығы бойынша мейірбикелерге түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Әр бір бөлімді қауіпсіздік техникасы бойынша және өрт қауіпсіздігі бойынша таныстырып, нұсқаулық қағаздары ілінді. Сонымен қатар жаңадан қабылданған 2 мейірбикеге ең алдымен өте маңызды кіріспе нұсқаулығы өткізілді. Жалпы әр кәсіпорында еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі техникасы сақталынуы тиіс. Бұл ең алдымен мекеме қызметкерінің өмірін сақтауға және жазатайым оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді. Нұсқамадан өтіп, қызметкер нұсқауларды сақтамаған және бұзған жағдайда жауапты болады.
Мұндай шаралардың басты мақсаты — еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және өрт кезіндегі не істеу керек екендігін айтып көрсету. Себебі біздің қызметіміздің ерекшелігіне байланысты қызметкерлер тәуекелге ұшырауы мүмкін. Әсіресе қиын еңбек жағдайында жұмыс істейтін физио бөлімінің мейірбикелері, дезинфектор, слесарь-сантехник, дәнекерлеуші, қазандық операторы, аспазшы (повар), наубайшы.
Әрбір қызметкер еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтарды білуі және сақтауы тиі. Сол себепті осындай нұсқамалар арқылы, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алу мен оларды азайту, еңбек қауіпсіздігі мен гигиенаның сақталуына жүйелі түрде іс шаралар жүргізіп тұрады.