Бейнеттің зейнетін көру қуанышы сыйланды

Жамбыл облыстық стоматологиялық емханасының №2 терапия бөлімінің меңгерушісі Галина Николаевна Пазухинаның зейнетке шығыуна байланысты, емхана әкімшілігі мен дәрігерлер салтанатты түрде құттықтап, грамота мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Пазухина Галина Николаевна 1963 жылы Жамбыл облысы, Свердлов ауданында, Михайловка ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын «стоматология» факультетін, дәрігер -стоматолог мамандығы бойынша бітірген. 1986 жылы Павлодар қаласында балалар стоматологиялық емханасында интернатура бітірді. Сол жылдан бастап 1988 жылдың шілде айына дейін Павлодар қаласында балалар стоматологиялық емханасында дәрігер -стоматолог болып жұмыс атқарды.

1988 жылы тамыз айынан бастап Жамбыл облыстық стоматологиялық емханасында дәрігер-стоматолог болып жұмыс істеді.

2008 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін Жамбыл облыстық стоматологиялық емханасының №2 терапия бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс атқарды. Галина Николаевна медицина саласында жалпы алғанда 38 жыл жұмыс жасады.

Осыған орай, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Жамбыл облыстық филиалы атынан Галина НиколаевнағаАлғыс хат пен 100 000 мың тенге көлемінде ақшалай сертификат табысталды.

Құрметті Галина Николаевна, Сізді зейнетке шығыуыңызбен шын жүректен құттықтай отырып,мол бақыт, ұзақ өмір, зор денсаулық тілейміз!