Қазақстан Республикасының Конституциясы Күні

30 тамызда бүкіл Қазақстан халқы басты, маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі — Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнін атап өтеді.

Негізгі Заң-азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың сенімді кепілі, сондай-ақ жаңа Қазақстанның табыстарының кепілі. Осы құжаттың арқасында біз еліміздің тұрақтылығы, келісімі мен әл-ауқаты жолымен сенімді түрде қадам басып келеміз.

Осы мерекеге орай «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы С. Дюсеновтың атынан мынадай наградалар табыс етілді:
1. «Senim «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Үздік «Республикалық қоғамдық бірлестігінің төсбелгісі.

2. Құрмет грамотасы.

3. Алғыс хат.

«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы » Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан филиалынан:

1. Құрмет грамотасы.

2. Алғыс хат.

Марапат иелерін құттықтаймыз, кәсіби салада табыс және жаңа биіктерге жетуді тілейміз!!!