«Дені сау ұлт»

«Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» Ұлттық жобасы аясында статистика басқармасының соңғы деректеріне сәйкес облыс бойынша 1 170 532 адамға (о.і: Тараз қаласы бойынша – 465 117, ауыл халқы – 705 415) 389 денсаулық сақтау нысаны қызмет көрсетеді (о.і: ауруханалық ұйымдар — 26, емханалық ұйымдар — 24, дәрігерлік амулатория – 122, МП – 142, ФАП — 53, ғимаратсыз нысандар-15, Жедел жәрдем стансасы-1, басқалар-5), жекеменшік мекемелер-58.

Заңды тұлға 38 (о.і: мемлекеттік-2, қазыналық кәсіпорын-3, шаруашылық жүргізу құқығындағы-33 (о.і: сенімгерлік басқаруға 4 мекеме берілген)).

Ауылдың шалғай елді мекендерде орналасқан халықты қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында 11 жылжымалы медициналық кешен (3 – КАМАЗ, 8 – автобустық мамандандырылған көліктер) 2023 жылы барлығы 265 елді мекендегі 96 239 адамды медициналық тексерумен қамту жоспарласа, ағымдағы жылдың 6 айында 191 (72%) елді мекендегі 76 957 (80%) адамды қамтыды (о.і:19 006 бала).

20 753 диагностикалық зерттеулер, 5 273 зертханалық тексеру, 102 859 бейінді мамандардың консультациясы көрсетіліп, 1733 адам емханаға есепке алынды (о.і.- 111 бала).