Қарттар үйі

2020 жылдың 17-ші наурызында «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Атырау облыстық филиалының «Жастар кеңесінің» мүшелері облыстық қарттар үйіне барды.

Бүгінде қарттар үйіндегі қариялар жалғысбасты қариялар санатына жатқызылып, тағдыр тәлкегімен осындай жағдайға душар болып, мемлекет қамқорлығында алынғандар.

Қарттар үйінде қарттар үшін барлық жағдай жасалған.

Жастар кеңесінің мүшелері қарттар үйіне барып, медициналық тексеру шараларын жүргізді.

Қарттарымызға жалпы практикалық дәрігер, невролог, окулист, кардиолог, хирург, гинеколог, дерматолог, психиатр және психолог мамандары тексеруден өткізді.

Тексеру кезінде аға-апаларымыздың денсаулығы туралы айтқан шағымдары назарға алынып, мамандар тарапынан ем-домдар жүргізіліп, ақыл-кеңестер берілді.

Сонымен қатар науқастары бар қарттарымыздың артериялық қан қысымы, көз қысымы (глазное давление) өлшеніп, ЭКГ  түсірілді және жарақаттары бар науқастарға жараны тану және тағы басқа медициналық қызметтер көрсетілді.

Жастар кеңес мүшелері яғни жас маман дәрігерлер елімізде орын алып отырған COVID-19 індетінің берілу жолдары және одан сақтану шаралары туралы қарттарымызға толық ақпарат берді.

Жастар кеңесі мүшелері алдағы уақытта қарттарға қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді ұйымдастыруда.

Облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйінің директоры Қаламқас Күзембаева «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Атырау облыстық филиалының «Жастар кеңесінің» мүшелеріне қамқорлығы үшін ризашылығын білдірді.

Бұндай игі бастама жалғасын табатынына жас маман дәрігерлер кәміл сенімде.