2019 жылдың 15 шілде күні ««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚОФ Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылын өткізу жөніндегі Жол картасын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспарын және Шиеленістің алдын алу және әлеуметтік еңбек жанжалдарын шешу жөніндегі Кешенді жоспарындағы шараларды іске асыру мақсатында «Еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік еңбек қатынастары және еңбекті қорғау мәселелері» такырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге БҚО Еңбек инспекциясының Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы Г. Бердигалиева және «Халықаралық құқық қорғау орталығы» Қоғамдық бірлестігінің БҚОФ директоры – кәсіби медиатор З. Шатикова, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ төрағалары, заңгер, кадр бөлімі маманы, еңбек қауіпсіздігі жөніндегі инспектор мамандыры қатысты.
Қатысушыларға еңбек инспеторының бас маманы еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратыны туралы баяндап, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау сұрақтарына тоқталып, облыс көлемінде нақты орындалған жұмыстар мен осы бағыттағы жоспарлары туралы айтты. Оған қоса, дөңгелек үстел барысында жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен қорғау аясындағы міндеттері еңбек орындарында қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелері, еңбек тәртібін сақтау, жұмыс берушімен қызметкерлер арасынағы еңбек қатынасы, еңбек заңнамасын бұзу пунктері атап өтілді.
Кездесуге қатысушылар еңбек шарты, ұжымдық шарт, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары, оларға берілетін кепілдіктер мен жеңілдіктер туралы, сонымен қатар өзекті мәселелері сұрақтарына жауаптарын алды.
Дөңгелек үстелді құқық қорғау орталығының медиаторы Медиация рәсімі кезінде дауға қатысатын тараптар медиатордың тәжірибесі мен біліміне сүйене отырып, дербес, өзара қолайлы шешімге келетінің, даулы мәселенің шешілуі толық тараптардың еркіне байланысты екенің атап кетті. Медиацияның басты мақсаты – пайда болған түсініспеушіліктердің сындарлы шешімін табу болып табылатының айтты.
Қатысушылар еңбек шарты, ұжымдық шарт, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, сонымен қатар өзекті мәселелері сұрақтарына жауаптарын алды.