Халықаралық медициналық ойындары өтті

2024 жылдың 25-29 шілде аралығында Қырғыстан Республикасы, Чолпоната қаласында медицина қызметкерлері арасында Халықаралық медицина ойындары болды.

Оған Жамбыл облысынан қатысқан “SENIM” командасы I — орынды иеленді.

II — орынды Қырғыстан Республикасының командасы, III — орынды Өзбекстан Республикасының командасы жеңіп алды.

“SENIM” командасының ойыншыларын үлкен жеңісімен құттықтай отырып, сәттілік пен биіктіктер, жоғары жетістіктер мен мол табыс тілейміз.

Жеңісті күндер көп болсын!