2023 жылдың 22 ақпанында Астана қаласында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің II съезі өтті. Жамбыл облыстық филиалынан оған 22 делегат қатысты. Съез жұмысына Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев және бірқатар салалық кәсіптік одақтардың төрағалары шақырылды.
Съез жұмысын жүргізуге президиум төрайымы болып Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Момбекова Гүлмайра Асанқызының кандидатурасы бекітілді. Съездің күн тәртібіне сәйкес, республикалық қоғамдық бірлестіктің 2018-2022 жылдар аралығындағы атқарылған жұмысының қорытындысы туралы «SENIM» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дүйсенов Сапарбек Серікұлы баяндама жасады.
Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:
— «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің 2018-2022 жылдар аралығындағы бақылау-тексеру комиссиясының есебі;
— «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы;
— «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасын сайлау;
— «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің атқару комитетінің құрамын бекіту;
— «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің бақылау-тексеру комиссиясының құрамын бекіту;
— «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің 2023-2028 жылдарға арналған бағыттарын айқындау;
— «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің II съез резолюциясы.
Аталған мәселелер негізінде съез делегаттары салалық кәсіподақтың Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, орталық кеңесінің жаңа құрамын бекітті және «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып С.Дюсенов ашық дауыс беру арқылы қайта сайланды.
Съез барысында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалына қарасты Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ли Елена Игоревна «SENIM Үздігі» төс белгісімен марапатталды.
Барлық делегаттар мен қонақтар «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жұмысына оң баға беріп, алғыстарын білдірді.