2020 жылғы жұмыс қорытындысы туралы АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2020 жылы «SENIM» кәсіподағының филиалы ең алдымен кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғауға, мұқтаж кәсіподақ мүшелеріне қайырымдылық және материалдық көмек көрсетуге, пандемия кезінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарына қаржылық қолдау көрсетуге бағытталған белгілі бір жұмыстар жүргізді.

Өздеріңізге белгілі, облыстың денсаулық сақтау басқармасының құрылымын құрайтын 35 медициналық мекеменің 32-сі кәсіподақ филиалының құрамына кіреді, бұл ретте кәсіподақ мүшелерінің саны 20 мыңнан астам адамды құрайды.

«SENIM» облыстық филиалының өткен жылғы жұмысын қысқаша сипаттап берейін.

2020 жылдың ақпан айында біздің бастамамызбен ҚР кәсіподақтар Федерациясының оқу орталығының қатысуымен облыстың медициналық мекемелерінің 28 техникалық инспекторын оқыту бойынша практикалық семинар өткізілді, оның нәтижелері бойынша барлығына тиісті сертификаттар берілді.

Өткен жылдың наурыз айынан бастап жыл соңына дейін карантиндік, провизорлық инфекциялық іс-шаралар жүргізілген 7 медициналық мекемеге жеке қорғану құралдары, маскалар, дезинфекциялау құралдарын сатып алу, сондай-ақ тұратын жерлеріне ақы төлеу және азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін 1 950 00 теңге аударылды.

Маусым айында «SENIM» бастауыш кәсіподақ ұйымдарына медициналық бөлмелерді жабдықтауға қажетті заттар мен атрибуттарды сатып алу үшін 1 900 000 теңге аударылды.

Медицина қызметкерлері күніне орай ардагер-дәрігерлерге 280 000 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

Ақпан айында Ауғанстандағы соғыс іс-қимылдарына қатысқан 14 медбике мен дәрігерге 280 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

Наурыз айында Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 5 медицина қызметкеріне, негізінен орта медициналық персоналға жалпы сомасы 1 250 000 теңгеге қайырымдылық сертификаттары, сондай-ақ филиал атынан 270 000 теңгеге сертификаттар табыс етілді.

Өткен жылы өмірлік қиын жағдайға тап болған барлық мұқтаж медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасыларына 2 500 000 теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетілді.

Атап айтқанда, қалалық көпбейінді аурухананың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Б.С. Аманбаеваның және облыстық көпбейінді аурухананың медбикесі А. Минбаеваның отбасыларына тиісінше 1 миллион теңгеден материалдық көмек көрсетілді.

Денсаулық сақтау басқармасының өтініші бойынша қайырымдылық шеңберінде, медициналық мекемелерден қаржылық шығындардың ауыртпалығын алып тастау мақсатында филиалдан ата-ана қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдер В.Пичугин мен Б. Медетовтың банк шоттарына әрқайсысына 1 миллион теңгеден аударылды.

Пандемияға қарамастан, филиал медицина қызметкерлерін сауықтыру бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізді.

Мәселен, сауықтыруды қажет ететін 156 медицина қызметкеріне жолдамалардың толық құнының 50% — ы 8 509 250 теңге сомасында төленді.

Сонымен қатар, біз «қызыл аймақта» болған және сонымен қатар короновируспен ауырған 20 медицина қызметкеріне «Мерке», «Сарыағаш», «Көктем», «Сосновый бор» шипажайларына тегін жолдама бердік.

Филиал салауатты өмір салтын нақты насихаттау мәселелеріне көп көңіл бөледі.

Осылайша, жыл сайын Наурыз мейрамына, медицина қызметкерлері күніне, Тәуелсіздік күніне арналған спорттық іс-шаралар өткіземіз. Филиалда тек облыстық медициналық мекемелердің қызметкерлерінен құралған, облыстық чемпионаттар мен түрлі турнирлерге үнемі қатысатын спорттық футбол командасы жұмыс істейді. Команда арнайы киіммен, доптармен және басқа да қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, жыл сайын дәрігерлер арасындағы ҚР чемпионатына, Республикалық Нобель Кубогына қатысатын облыс дәрігерлерінің құрама командасына қаржылай көмек көрсетеміз.

Филиал жыл сайын облыс дәрігерлері арасында спорттық бильярд бойынша турнир өткізуді дәстүрге айналдырған, өткен жылдың желтоқсан айында ол 3-ші рет өткізілді. Турнир қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

Өткен жылы Жамбыл аудандық орталық ауруханасының медбикесі А.Ашановаға филиал тұрғын үй жағдайын жақсартуды қажет ететін отбасы ретінде ипотекалық кредиттің бастапқы 20% өтеу үшін 800 мың теңге сомасына тұрғын үй сертификатын табыс етті.

«SENIM» филиалы дәрігерлердің өскелең ұрпағын, атап айтқанда Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттерін белсенді қолдайды.

Осылайша, колледждің қоғамдық өмірінде белсенділік пен оқуда үздік баға көрсеткен 5 студентке филиал ай сайын әрқайсысына 15 мың теңге көлемінде шәкіртақы төлейді.

Филиал аталған бағыттардағы жұмысты ағымдағы жылы да жалғастыратын болады.

Сонымен қатар, кәсіподақ комитеттерінің жекелеген төрағаларын теріс сипаттайтын  кейбір сәттеріне тоқталғым келеді.

Біріншіден, бұл орындаушылық тәртіптің төмендігі. Сізге берілген тапсырмаларға, содан кейін бірнеше рет еске салуларға қарамастан, кейбір төрағалар оларды елемейді, қажетті ақпаратты уақтылы бермейді және көбінесе тапсырмаларды мүлдем орындамайды.

Төрағалардың мұндай немқұрайлы қарауы біздің қызметіміздің талаптарына сәйкес келмейді, іскерлік және қызметтік әдеп нормаларына сай емес. Сондықтан Сіздер осындай бұзушылықтарды қайталаған жағдайда, филиал кеңесінде тыңдау туралы мәселені қоямын.

Жоғарыда аталған жағдай атаулы күндерді атап өту кезінде Сіздердің материалдық ынталандыру мәселелеріне әсер ететінін ескертемін.

Екіншіден, «біріншілік» төрағалардың кәсіподақ мүшелерінің еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту, жалақыны, тиісті үстемеақыларды ұлғайту, ұжымдық шарт талаптарын орындау және кәсіподақ қызметінің өзге де мәселелері туралы ұсыныстар енгізу бойынша белсенділігі өте төмен.

Үшіншіден, Сіздер қаржылық есептерді тапсыру бойынша жұмысты тиісті деңгейде жүргізбейсіздер. Мұндай есептерге көптеген төрағалар дайындықсыз келеді, қажетті қаржылық құжаттар мен тиісті ақпаратты уақтылы ұсынбайды.

Есеп беру нысанының бір түрі болып табылатын осы хатты қорытындылай келе, Сіздерге алдағы уақытта жемісті жұмыс, ұжымның кәсіподақ өміріндегі іскерлік белсенділік, өз «біріншілік» мүшелерінің конституциялық құқықтарын қорғау мәселелерінде сәттілік тілеймін.

 

Филиал төрағасы                                                     Ерлан  Сатыбалдиев