«SENIM» КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ КОМИТЕТІ!

Кәсіподақтар үйінде ZOOM-конференция режимінде Ноян Бидайбаевтың төрағалығымен «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы Атқарушы комитетінің отырысы өтті.

Отырыста төраға орынбасарын сайлау және Қарағанды облыстық филиалының штаттық кестесіне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі лауазымына Бақыт Дайырбекова тағайындалуына байланысты, кәсіподақ Жарғысының 46 – тармағына сәйкес, Атқарушы комитет филиал төрағасының ұсынуымен және «SENIM» кәсіподағының Орталық аппаратының келісімімен филиал төрағасының орынбасары-Сұлтан Медеубаевты сайлады.

Жұмысты үйлестіру және еңбек адамы мәселелерін жедел шешу мақсатында штаттық сан, штаттық кесте шегінде бастапқы кәсіподақ ұйымдарымен жұмыс жөніндегі маман лауазымын белгілей отырып, өзгеріс енгізілді.

Атқару комитетінің мүшелері Бақыт Дайырбековаға медицина қызметкерлерінің құқықтық, экономикалық және кәсіби мүдделерін қорғаудағы бірлескен және жемісті жұмысы үшін алғыс айтып, кәсіподақтың «SENIM» төсбелгісін және естелік сыйлықтарын табыстады!