«КӘСІПОДАҚ КҮШІ – БІРЛІКТЕ»

«SENІМ» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалы қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы Кәсіподақтар күніне орай «Кәсіподақ күші – бірлікте» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Оған кәсіподақтар қозғалысының ардагерлері мен бастауыш ұйымдар жетекшілері, әлеуметтік әріптестер болып табылатын емдеу-сауықтыру мекемелерінің басшылары шақырылды.

Облыстық филиал төрағасы Майра Кашкенова адам өмірі үшін күрестің қайнаған ортасында жүрсе де жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауда белсенділік танытатын әріптестерін Кәсіподақтар мерекесімен құттықтап, бір топ қызметкерге марапаттар табыстады. «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен Қызылқоға аудандық ауруханасының-мейірбикесі Гүлжан Ізмұханова, облыстық перинаталдық орталығының мейірбикесі Әсия Исмағұлова, Геолог емханасының шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Камария Шудабаева, облыстық балалар ауруханасының қызметкері Акиш Басарова, сондай-ақ, ҚБ «Алғыс хатымен» облыстық аурухананың мейірбикесі Тоғжан Асанова, №5 қалалық емхананың-мейірбикесі Сара Нұралиева, мамандандырылған балалар үйінің аспазшысы Меңсұлу Кенжеахметова, облыстық фтизиопульмонология орталығының зертханашысы Нұрболат Меңдіғалиев марапатталды.
Мерекелік шара иелеріне Атырау жоғары медициналық колледжінің өнерлі жастары сазды әуендерін сыйлады.