Опубликовано: 20.12.2024
ЕМХАНАДАҒЫ ЕРКІН ӘҢГІМЕ «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының төрағасы Майра Кашкенова Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында облыстық балалар стоматологиялық емханасының кәсіподақ активімен кездесті. Ашық әңгіме тұрғысында өткен бас қосуда ұжымда адал еңбекті ынталандыру, еңбекті қорғау және әлеуметтік қолдау шаралары туралы мәселелері […]
Опубликовано: 19.12.2024
Бұл конкурсқа өңірдегі меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан, барлық денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері қатысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл байқау – денсаулық сақтау саласының мамандарын қолдау мен ынталандырудың жарқын үлгісі. Әрбір жеңімпаздың еңбегі – аймақ медицинасының дамуына қосқан зор үлес. Бұл жеңістер алдағы уақытта да медицина саласының сапасын арттыруға септігін тигізері сөзсіз.
Опубликовано: 19.12.2024
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы №44 бұйрығымен бекітілген «Өз кәсібінің үздігі» атағын беру қағидаларына сәйкес, Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласының мамандары арасында «Өз кәсібінің үздігі» байқауының I (өңірлік) кезеңі өтті. Бұл конкурсқа өңірдегі меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан, барлық денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері қатысу мүмкіндігіне ие болды. Марапаттау рәсіміне денсаулық […]
Опубликовано: 17.12.2024
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының ұйғаруымен «Жамбыл облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Бағлан Қарашолақов Момбекова Гульмайра Асанқызын “Кәсіподақтардағы белсенді жұмысы үшін” медалімен марапаттады.
Опубликовано: 16.12.2024
Сіздерді еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалып, егеменді ел ретінде әлемге танылған қасиетті мейрам. Тәуелсіздік жылдары еліміздің денсаулық сақтау саласы қарқынды дамып, халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету жолында үлкен жетістіктерге жетті. Бұл табыстардың негізінде мемлекеттің тұрақтылығы мен тәуелсіздігінің берік тұғыры […]
Опубликовано: 13.12.2024
Бүгін Кәсіподақтар үйінің мәжіліс залында «Senім» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «16-Желтоқсан оқиғасын еске алу күніне» орай жиын өтті. Жиынға қатысушылар Тәуелсіздік күні тарихын, маңызын, мақсатын өзара пікір алмасып, бөлісті. Сонымен қатар жиынға қатысушы медицина саласындағы кәсіби шеберлігі мен халық денсаулығын қорғаудағы ерен еңбегі және әлеуметтік […]
Опубликовано: 11.12.2024
Кәсіподақтар үйінің мәжіліс залында «SENІM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлері салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы аймақтың емдеу-сауықтыру мекемелері бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының қатысымен жиын өткізді. Онда облыстық филиал төрағасы Майра Тұрланқызы әріптестеріне бастауыш ұйымдар бойынша биылғы жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысы мен түрлі шараларды ұйымдастыруға жұмсалған мүшелік жарна қаражатының есебін дайындау жиналыстарда көпшілікке […]
Опубликовано: 10.12.2024
2024жылдың 10-шы желтоқсанында «SENІM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлері салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының жетекшісі Майра Кашкенова Жылыой аудандық ауруханасы бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен кездесті. Онда 2024 жылы филиал арқылы аудандық аурухана ұжымына көрсетілген қолдау-көмектің есебі жария болды. Филиал төрағасы көп балалы сала мамандары мен орта буын қызметкерлердің әлеуметтік жағдайына байланысты мемлекеттік […]