Павлодар медициналық жоғары колледжінің түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша конференциясы

2020 жылғы 12 мамырда Павлодар медициналық жоғары колледжінде онлайн-режимде 2019-2020 оқу жылының түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша конференция өтті.Түлектерді жеке бөлу үшін облыс денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Б. С. Досмаилов комиссия құрамын бекітті.

Түлектерді жеке бөлу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м. а. Б. Досмаиловтың бұйрығымен комиссия құрамы бекітілді, оған «Senim «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ ПОФ төрағасы С. Ч. Төлегенова кірді. Жалпы шығарылым 183 адамды құрайды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша – 149, оқу құнын толық өтеумен – 34. Оның ішінде «емдеу ісі» мамандығы бойынша «Фельдшер» біліктілігі — 43 адам, «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «жалпы практика мейірбикесі» біліктілігі — 103, «Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша «Медициналық зертханашы» біліктілігі — 17, «Фармация» мамандығы бойынша «Фармацевт» біліктілігі-20.