МАРАПАТ ИЕЛЕРІ – МЕЙІРІМДІ ЖАНДАР

Жақында Атырау облыстық балалар стоматологиялық емханансы ұжымы өзінің құрылғанына 40 жыл толуын атап өтті. Бұл мерейтой тек бүгінде балалар денсаулығының басты көрсеткіші тістен болатын түрлі ауруларға – құрт түсу, стоматит, тістің қисық өсуі сынды проблема қарсы ем-дом жүргізуші әрі сұлулық сыйлаушы 23 дәрігер стоматолог пен 35 орта буын медициналық қызметкердің ғана қуанышы емес, өңір балалары мен ата-аналарының, барша тұрғындардың мерекесі десек артық айтқандық болмас. Салтанатты шараға қатысушы «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы төрағасы Майра Кашкенова қуаныш иелерін құттықтап, табыстар мен сәттіліктер тіледі.

Майра Тұрланқызы өңір балаларының денсаулығын жақсарту, тіс ауруларының алдын алу мен болдырмауда жемісті де абыройлы еңбек етіп жүрген дәрігер-стоматологтар Алтынгүл Қанибетоваға, Рита Аманғалиеваға Атырау облысы Ардагерлер кеңесі алқасының шешімімен «Мейірімді жүрек» төсбелгісімен марапаттады. Ал, тіс дәрігері Шолпан Өтемісова Ұлттық медицина қауымдастығының «Мейірім» төсбелгісіне ие болды.