Медицина күні

Маусымның үшінші жексенбісінде «Медицина қызметкерлері күніне» дәрігерлер мен медбикелер, санитарлар мен лаборанттар,фельдшер денсаулық сақтау саласының басқа да көптеген бейіндерінің мамандары атап өтеді.Осыған орай, Атырау облыстық филиалы мерекелік шара өткізіп, шараға Облыстық маслихаттың хатшысы А.Наутиев, Атырау аумақтық кәсіподақ орталығының төрағасы І.Баймұханов,Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы орынбасары А.Кудабаева,Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің ұлттық ассоциациясының Атырау облысы филиалы директоры Г.Жұмағалиева қатысып, шараны мерекелік құттықтау сөздермен ашып, барша медицина қыззметкерлерін кәсіптік мереке- «Медицина күнімен» құттықтады.

Осыған орай, мереке қарсаңында облыстың медицина қызметкерлеріне – халық денсаулығын сақтау ісіне өз үлестерін қосып жүрген ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетіліп, Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медальмен Облыстық балалар ауруханасының мейірбикесі Н.Губашева, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақ ардагері» төс белгісімен

Тлесова Майя Сисенқызы – денсаулық сақтау саласы еңбек ардагері, дәрігер-кардиолог, Ербусинов Марат Жылқыбайұлы- Атырау облыстық ауруханасы клиника-диагностикалық бөлім басшысы, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің «Үздігі» төс белгісімен

Кадирова Бэлла Есенжанқызы- Атырау жоғары медициналық колледжінің провизор-оқытушысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы,Танбаева Гүлнафис Әбділлақызы-№7 қалалық емхананың директоры, кәсіподақ мүшесі,Кубенова Қарылғаш Бағытжанқызы- Қызылқоға аудандық орталық ауруханасының — дәрігер фтизио-педиатры ұлғыланды.

Медицина қызметкері күні мерекесіне орай азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен адал еңбегі үшін  ҚР ДСМ нің «Құрмет грамотасымен», Облыстық әкімінің «Алғыс хаты», Облыстық маслихаттың «Алғыс хаты», Қала әкімнің «Алғыс хаты» және Ұлттық ассоциациясының «Алтын дипломымен», Атырау аумақтық кәсіподақ орталығының «Алғыс хаттары» және облыстық филиалдың «Алғыс хаттарымен»   бір топ кәсіподақ мүшелері  ұлғыланды.