МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛ СПОРТ ТҮРІНЕН ТУРНИР ӨТТІ

Бүгін Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында «Республика күні» мерекесіне орай «Медицина мақсаты – дені сау ұлт» атты қалалық емханаларының медицина қызметкерлерінің арасында «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы жамбыл облыстық филиалы және Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының №7 қалалық емханасының ұйымдастыруымен волейбол спорт түрінен турнир өтті.

Негізгі мақсат: ҚР Президентінің салауатты өмір салтын және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі жолдауын іске асыра отырып, медицина қызметкерлері арасында насихаттау және ұжымдық қарым-қатынасты қалыптастыру.

Айта кетейік, жарыс күшейтілген санитариялық – эпидемияға қарсы және дезинфекциялық іс-шараларды сақтай отырып өткізілді.

Жарысқа 8 команда қатысты, олар: №2,3,4,5,6,7,8,9 — шы қалалық емханалар. Айта кетейік, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы жамбыл облыстық филиалы ұйымдастырылуына қаржылай көмек берді.

Жарыс қорытындысы бойынша:

1-орынды — №7 қалалық емхана;(200 000 қаржылай ақша)

2-орынды- №6 қалалық емхана; (150 000 қаржылай ақша)

3-орынды — “ALMAZ MEDICAL GROUP” (70 000)емханасы иеленді. Қалған командалар “Алғыс хатпен” марапатталды. Сонымен қатар өзге қатысушылардан озық шығып, “Үздік шабылушы” наминациясымен Абдигаппар Бекзат Ақылбекұлы, “Үздік тосқауыл қоюшы ” наминациясымен Аяпбергенов Еркебұлан Темірханұлы, “Үздік топ байланыстырушы” наминациясымен Сайдулла Гүлдана Амангелдіқызы мараппатталды. Аталған қатысушыларға 20 000 теңге табысталды.