Медицина қызметкерлері күніне марапаттау.

14.06.2019 күні ««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Кусаинов Махамбет Какимович  Орал қаласының № 6 Емхана ұжымын медицина қызметкерлер күнімен құттықтап, ««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дүйсенов Сапарбек Серікұлының ««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Сізді кәсіптік мерекеңіз – медицина қызметкерлері күнімен құттықтайды. Қажырлы еңбектеріңіз, өз ісіңізге адалдығыңыз, күн-түн демей адамдарға қарқорлығыңыз, мейірімді жүректеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат пен жұмыста толағай табыстарға жетуіңізге тілектеспіз» деген марапаттау қағазын Орал қаласының № 6 Емхана директоры Шайхиев Жұмабек Жәдігерұлына, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ажимова Қарлыға Әділқызына  табыс етті.

««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚОФ төрағасы М. Кусаиновтың  атынан денсаулық сақтау саласына және кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Аділгереева Люция Мақсотқызына, Мұхамбеткалиев Ербол Сырлыбайұлына, Ермаханова Айнұр Мирамқызына, Шынболатов Әділет Абатұлына  алғыс хат табыс еттілді.