МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА

2023 жылдың 27-ші мамырда БҚО әкімінің орынбасары Нарымбетов Б Х, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Есендияров К Е, БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Токсанов Е В және медицина ұйымдардың басшыларының қатысуымен медицина қызметкерлерінің арасында облыстық спартакиада өткізілді.

Іс-шараны «SENIM» «Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚОФ және «БҚО денсаулық сақтау басқармасы», “БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы”, “Орал” СК, «П.Атоян» стадионы әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Іс-шараға 16 аудандық медициналық қызметкерлері командасы және қалалық спартакиаданың 3 жеңімпазы қатысты.

Бұл жолы облыстық спартакиада қызықты да, тартысты өтті. Жалпы командалық есепте жүлделі орындар келесідей қалыптасты:

1 орын — ШЖҚ «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК номиналы 100 000 теңге сертификатқа ие болды;

2 орын — БҚО әкімдігі ДСБ ШЖҚ «Қалалық көпбейінді ауруханасы» МКК номиналы 75 000 теңге сертификатқа ие болды;

3 орын-БҚО әкімдігі ДСБ ШЖҚ «Облыстық көпбейінді ауруханасы» МКК номиналы 50 000 теңге сертификатқа ие болды;

4 орын-БҚО әкімдігі ДСБ ШЖҚ «Қаратөбе аудандық ауруханасы» МКК номиналы 25 000 теңге сертификатқа ие болды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз, үлкен биіктерге жетулеріңізді тілейміз!

«БҚО денсаулық сақтау басқармасы» ММ, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Орал» СК және «Атоян кенті» стадионының әкімшілігіне зор алғысымызды білдіреміз!