Адамның басты байлығы – денсаулық екендігі баршаға белгілі.
Адам басы ауырып, балтыры сыздағанда ғана денсаулықтық қадірін сезіне бастайды. Ауыра қалсаң сол сырқаттан айығудың емін іздегенше, ауырмайтын жол іздеу әлде қайда тиімді екендігі даусыз.
Өйткені бабаларымыз айтқандай, «ауру батпандап кіреді, мысқылдап шығады» емес пе?
«Денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы «SENIM» республикалық қоғамдық бірлестігі кәсіподақ мүшелері мен денсаулық сақтау қызметкерлерінің денсаулығын жақсартуға үлкен көңіл бөледі. Барлық облыстық филиалдар медицина қызметкерлерін жеңілдікпен шипажайлық-курорттық емдеуге жібереді. Кәсіподақтың 1800-ден астам мүшесі жыл сайын еліміздің шипажайларына жолдамамен өз денсаулықтарын түзетуге мүмкіндік алып келеді. Әрине, бұл да жеткіліксіз көрсеткіш.
Медицина қызметкерлерінің денсаулығын оңалтуға, қалпына келтіруге және сауықтыруға үлкен қажеттілікке байланысты республикалық қоғамдық бірлестіктің Орталық кеңес 2021 жылы «SENIM» кәсіподақ мүшелеріне арналған шипажай құрылысын салуды мақұлдаған еді. Осыған орай шипажайлық-курорттық жоба әзірленіп, аталған жоба денсаулық көрсеткіштері жақсаратын медицина қызметкерлерінің санын арттыруға мүмкіндік бермек.
Шипажайдың құрылысы өткен жылы Қазақстанның ең әсем де көрікті, табиғаты тамаша өңірінің бірі – Ақкөл орманында басталған. Негізгі ғимараттар бой көтеріп, инженерлік желілер тартылды. Биыл мұндағы негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Шипажайда заманауи құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, бальнеотерапия, су және балшықпен емдеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, емдеу-сауықтыру қызметтерін көрсетуге мүмкіндікі болады. Ішкі жұмыстар 2024 жылға жоспарланған. Жұмыс қаржыландыру кестесіне сәйкес қатаң түрде жүргізілуде.
Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл орман шаруашылығы мекенжайы бойынша медициналық қызметкерлерді сауықтыру емдік-сауықтыру орталығы» орманды алқаптағы күрделі нысандағы учаскеде орналасқан.
Медициналық-сауықтыру пункті ғимаратының қабаттары әртүрлі: 1, 2, 3 қабаттар. Жалпы ауданы 5700 шаршы метрлік емдеу-сауықтыру орталығы 100 төсектік, онда ай сайын, жыл бойына 420 медицина қызметкері емделу және сауықтыру курсынан өтеді, жылдық саны 5040 адам (30 жалғыз, 34 екі орынды бөлмелер).
76 орындық конференц-зал болады.
Жаттығу терапиясы, физиотерапиялық процедуралар, массаж, парафинмен емдеу, су және балшықпен емдеу.
Құрылысқа бөлінген қаржының игерілуі кәсіподақтың тұрақты бақылауда болады және кәсіподақ мүшелеріне шығындар туралы ақпарат беріліп тұрмақ.