Медициналық қызметкерлер күніне арналған мерекелік шара.

14.06.2019 күні Медициналық қызметкерлер күніне арналған  мерекелік шара өтті.

Мерекелік шараға БҚО әкімі Есқалиев Ғали Нәжімеденұлы, БҚО әкімінің орынбасары Қонысбаева Бибігүл Тишанқызы, Орал қаласының әкімі Мұқаев Мұрат Рахметұлы, БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Беркінғали Нұрданат Беркінғалиұлы,  ««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚОФ  төрағасы Кусаинов Махамбет Какимұлы және медициналық ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Салтанатты жиын барысында Батыс Қазақстан облыс әкімі барша қауымды Медициналық қызметкерлер күнімен құттықтап, облысымыздың денсаулық сақтау саласының жетістіктері мен алған қойған мақсаттарын атап, БҚО әкімі атынан денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан зор үлестері денсаулық саласының   бірқатар белсенділерін марапаттады.

Сонымен қатар ҚР Денсаулық сақтау саласының Министрі атынан, Орал қаласының әкімі атынан, Денсаулық сақтау басқармасының басшысының атынан денсаулық саласының  қызметкерлері марапатталды.

Соның ішінде «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының  төсбелгісімен  кәсіподақ саласында көп жыл еңбек өтілі бар Табылдиев Асқар Тобаниязұлы марапатталды.

Сонымен қатар «Үздік жас дәрігер» және «Үздік медбике» кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздары жалпы тəжірибелік дəрігер Б.К. Еслямгалиева және жалпы тəжірибелік медбике А.М. Ажгалиева ««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚО атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шара облыстың өнер және мәдени қайраткерлерінің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Кусаинов Махамбет Какимович